Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының сайлау комиссияларын жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының сайлау  комиссияларын жаңа құрамын қалыптастыру туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерінің шығып кетуіне байланысты құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бойынша

 

Адамдардын саны

 

 

1.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылы

2

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары бойынша

 

 

№ 131

Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылы

1

 

№ 133

Әйтеке би ауданы Аққұм ауылы

2

 

№ 137

Әйтеке би ауданы Сарат ауылы

1

 

№ 138

Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылы

1

 

№ 142

Әйтеке би ауданы Талдысай ауылы

1

 

№ 148

Әйтеке би ауданы Жарөткел ауылы

1

 

№ 149

Әйтеке би ауданы Еңбекту ауылы

1

 

№ 154

Әйтеке би ауданы Милы ауылы

1

 

№ 155

Әйтеке би ауданы Ұлғайсын ауылы

1

 

№ 156

Әйтеке би ауданы Талдық ауылы  

1

 

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау қомиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа 2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап қазан айының 11 дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

 1)Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатуралардың белгілінген нысан бойынша электрондық және қағаз нысандағы мәліметтері;

 2) Саяси партиялардың қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы шешімінің хаттамасынан үзінді;

 3) Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшілерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

 4) Кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы, белгілінген нысан бойынша өтініші. 

 Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидаттар үшін қажетті мәліметтердің нысаны, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру өтініші Әйтеке би аудандық әкімшіліктің сайтында орналастырылған.

 Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс. 

 Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік – аумақтық бірліктің шегінде тұрақты тұруы қажет. 

 Сайлау туралы Конституциялық заңның 23- бабының 3- тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауы тиіс.

 Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-анасы, баласы, асырап алушылар, асырап алғандар, туған ағасы, апасы, әжесі, атасы, немересі) жұбайы кіре алмайды.

 Мәслихатқа электрондық және қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған, құжаттардың орындалған күні, орындаған адамның аты-жөні, әкесінің аты және телефон нөмірі болуы тиіс.

 Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап қазан айының 11 дейін дүйсенбі-жұма күні аралығында сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін қабылданады, үзіліс сағат 12-30-дан 13-30-ға дейін.

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты

 

 Е.Б.Таңсықбаев – Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы

           Тел:871339/21-3-93, факс:21-7-15, сот.87775055040

 Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы, Т.Жүргенов к-сі 45.

Жауапты тұлға-З. Б.Қасымқұлова №14 кабинет, байланыс телефондар: (8-713-39)-21715, 22233, ұялы телефон нөмірі 87777512803, e-mail: Аytekebi_maslihat@mail.ru