АҢЫЗ

АҢЫЗ

АҢЫЗ: Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының жақын туыстарына жария етілуі мүмкін

АҚИҚАТ: БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi. Оған салымшылардың және алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары және оның қозғалысы туралы мәлiметтер кіреді.

Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға және салымшының (алушының) жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы шоты бойынша ақпарат мұрагерлерге жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға, не нотариустарға және олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша шетелдік консулдық мекемелерге беріледі.