СҰРАҚ-ЖАУАП

СҰРАҚ-ЖАУАП

ЖАУАП:
БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) негізінде құрылды. Барлық жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелері толықтай БЖЗҚ-ға берілді. Сондықтан зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде Сіз БЖЗҚ-ға аударымдар туралы ақпаратты, оның ішінде басқа зейнетақы қорынан БЖЗҚ-ға аударылған жинақтарыңыз туралы ақпаратты көресіз.

Егер Сіз үзінді көшірмені 2013 жылға дейінгі кез келген кезең үшін сұрасаңыз, үзіндінің соңғы бетінде басқа зейнетақы қорында болған зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпарат беріледі.

Үзінді көшірмені Сіз өзіңіз Қордың www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинеттен қажетті кезеңді белгілей отырып, қалыптастыра аласыз.