📌Зейнетақы төлемдерін банк шотына аудару тәртібі.

📌Зейнетақы төлемдерін банк шотына аудару тәртібі.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының, оның ішінде егер зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болып табылған жағдайда да, оның жеке банк шотына ғана аударады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген адамның банк шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді.

Төлемдер Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) тек теңгемен, ал шетел банктеріне: АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен, Ресей рублімен жүргізіледі.

Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ЕДБ-дан және шетелдік банктерден зейнетақы төлемдерін қайтаруды болдырмау үшін алушылар банктік шоттың өзектілігін, шоттың түрін (ағымдағы шот, карточкалық шот, арнайы мақсаттағы шот) нақтылауы қажет. Зейнетақы төлемдері ЕДБ-дағы арнайы мақсаттағы шоттарға аударылмайды.