📌 ЕЗЖ төлеу кезіндегі салықтық шегерімдер

📌 ЕЗЖ төлеу кезіндегі салықтық шегерімдер

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) - бұл болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту мақсатында салымшының өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына аударатын ақшасы. Салымшы аударымдардың мөлшерін және олардың тұрақтылығын өзі айқындайды.

ЕЗЖ салымшылары жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да бола алады. Жалғыз айырмашылығы – жеке тұлғалар өздері үшін немесе жақындары үшін, ал заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің пайдасына ақша сала алады.

Жеке тұлға өз пайдасына өзінің табысы есебінен ЕЗЖ төлеген кезде төленген ЕЗЖ сомасына салықтық шегерім* көзделген.

Салық агенті (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.

ЕЗЖ аудару тәсілдері:
🔹 Қазпошта бөлімшелері,
🔹 екінші деңгейдегі банктер.

* салықтық шегерім – бұл тиісті негіздер болған кезде тұлғаның салық салатын табысын төмендету арқылы салық міндеттемесін төмендететін шегерім