📌Сіз білесіз бе...

📌Сіз білесіз бе...

Әлемдік тәжірибеде зейнетақы жүйелерінің екі түрі бар: ортақ және жинақтаушы. Ортақ зейнетақы жүйесінде зейнеткерлерге төлемдер жұмыс істейтін азаматтардың салықтары есебінен жүргізіледі. Егер 1 зейнеткерге кемінде 4 жұмыс істейтін адам келсе, бұл жүйе тиімді жұмыс істей алады.

Алайда халықтың қартаюының жалғасуынан ортақ зейнетақы жүйелері тиімсіз бола бастады. Сондықтан көптеген елдер жинақтаушы жүйеге көшуде. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір адам жарналар төлеу арқылы өзінің болашақ зейнетақысын дербес қалыптастырады.

Қазақстан ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы жүйеге көшу үрдісін жалғастыруда. Жинақтаушы жүйе 1998 жылы енгізілді, яғни сол сәттен бастап жұмыс істейтін адамдар өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыра бастады. Дегенмен ортақ зейнетақы әлі де болса төленуде, ол республикалық бюджеттен 1998 жылға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ғана төленеді.

Уақыт өте келе 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ адамдар зейнетке шығады, мұндай жағдайда дәл осы зейнетақы жинақтары, зейнетақы төлемдерінің негізгі бөлігін қалыптастыратын болады.