БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу

📍БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты алғашқы жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады.

БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүзеге асырады.

Шотты автоматты түрде ашқан кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне өзі келген кезде ғана жүргізіледі. Бірақ ақпараттандыру тәсілін төмендегілердің бірі арқылы өзгертуге болады:
✅сайттағы Жеке кабинет / БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы,
✅ электрондық пошта арқылы,
✅ пошта байланысы қызметі арқылы.

Ақпараттандыру тәсілін ЕЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келіп немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы таңдауға болады. Осы қызметті алуға болатын бөлімшелердің тізімі enpf.kz сайтының «Қызметтер» бөліміндегі «Қазпошта» АҚ-мен серіктестік» бөлімшесінде орналастырылған.

«Интернет/ЭЦҚ кілтін пайдалану арқылы» ақпараттандыру тәсілін ЭЦҚ арқылы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинеттен онлайн режимінде таңдауға болады.