Зейнетақы рәсімдеу

Зейнетақы рәсімдеу

Қор жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 60 жасқа толғанда), I немесе II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады.

Мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін жасына байланысты тағайындауға өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақыны тағайындау туралы өтінішпен бірге ХҚКО-ға құжаттарды зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Осыған байланысты ағымдағы жылы 60 жасқа толатын (31 желтоқсан күнін қоса алғанда) әйел адамдарды 2021 жылдың соңына дейін ХҚКО-ға жүгінуге шақырамыз, өйткені 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60,5 жасқа дейін ұлғаяды.

Бірінші және екінші топтағы мерзімсіз мүгедектікті белгілеуге байланысты БЖЗҚ-дан төлемдерді рәсімдеу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне хабарласу қажет. Егер сізде ЭЦҚ бар болса, қызметті enpf.kz сайтында онлайн режимінде алуға болады.