МЗЖ аударымдары

МЗЖ аударымдары

Егер сіз жалданып жұмыс істесеңіз, онда жұмыс беруші (агент) ай сайын өз қызметкерлеріне төленетін табыстың 10% мөлшерінде МЗЖ ұстап қалады және аударады.
2⃣ Егер сіз салық агенті болып табылатын тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс жасасаңыз, онда ол (агент) сіздің табысыңыздың 10% мөлшерінде МЗЖ ұстап қалады және аударады.
3⃣ Егер сіз салық агенті болып табылмайтын тұлғамен АҚС шартын жасасқан болсаңыз, онда сіз өз пайдаңызға екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы алатын табыстың 10 % кем емес мөлшерде, бірақ ЕТЖ 50 еселенген мөлшерінің 10 % аспайтын мөлшерде БЖЗҚ-ға жарналар аударуға құқылысыз.
4⃣ Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болсаңыз, онда МЗЖ бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) құрамында төлей аласыз. 2021 жылы БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 2 917 теңгені және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 1458,50 теңгені құрайды.
5⃣ Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз немесе жеке практикамен айналысатын болсаңыз, онда сіз салық кезеңінің әрбір айы үшін МЗЖ-ны есептеп, оны БЖЗҚ-ға өз пайдаңызға аудара аласыз.