Әйтеке би ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтарда №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізілгенін ескертеді.

Әйтеке би ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтарда №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізілгенін ескертеді.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Әйтеке би ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтарда №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізілгенін ескертеді.

Жарлықтың 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілді.

Сонымен бірге, жарлықтың 4-тармағына сәйкес, төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2) Ақтөбе облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

4) Ақтөбе облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;

8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

Төтенше жағдайдың талаптарын бұзу ӘҚБтК-нің 476, 478-баптарында қарастырылған  жауаптылыққа алып келеді.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау Қылмыстық Кодекстің 401-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін түсіндіремін.

Сонымен қатар, ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігіне сәйкес,  төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза қарастырылғанын жеткіземін.

         Бұдан басқа, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің талаптарына сәйкес, төтенше жағдай кезінде құқық бұзушылық жасау, жазаны ауырлататын мән-жайларға жататынын түсіндіремін.

 

   Әйтеке би ауданының прокуратурасы