Аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың  кезекті он бірінші  сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың

кезекті он бірінші

сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан  Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік  басқару және  өзін - өзі  басқару туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына және 19 бабына сәйкес, ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАЙМЫН:

         Әйтеке  би аудандық  мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясын 2021 жылдың  желтоқсан  айының  23-не   сағат 11-00–ге  шақырылсын.

            Сессияның  күн  тәртібіне  мынадай  мәселелер  енгізілсін:

1. 2022 – 2024 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту

туралы.

Баяндамашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Бекенбаева.

2. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жастарды Қазақстан

Республикасы Қарулы күштеріне шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.

Баяндамашы: Аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы,подполковник

Е.С.Амангелдиев.

3. Басқада мәселелер.

 

 

 

Әйтеке би аудандық

мәслихаттың   хатшысы:                                                 Е.Тансыкбаев