Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету

      Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге Халыққа қызмет көрсету орталығына (Мемлекеттік корпорация) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      Бекітілген нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

     Бекітілген нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

      3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

     Бекітілген нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп.

      Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

      Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай талаптарда:

      теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі;

      кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды

Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.