Қазақстан Республикасының прокуратура органының құрылғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасының прокуратура органының құрылғанына 30 жыл

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан халықаралық аренада үлкен биіктерге және танымалдыққа қол жеткізген гүлденген, екпінді дамып келе жатқан елге айналды. 

Қазақ жері туралы тарих беттерінен біздің халқымыз тәуелсіздік үшін күресте көптеген сынақтарда тұрақтылық танытып, өткенін айтып кетуге болады.

Сонымен қатар,  ағымдағы жылы прокуратура қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін яғни, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толу мерейтойын атап өтеді.

Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының құрылуына тоқталып кетсек алғашқы қалыптасуы 1922 жылдың 13 шілдесінде  Қазақстан Орталық атқару Комитетінің 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алған.

Алғашқыда, Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы болып құрылса, 1933 жылы өкілеттілігі кеңейіп прокуратура басқармасы құрылып, прокурордың міндеттері бөлініп шықты.

Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде  прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұндармен толықтырылып, тұрақты түрде заңдылықпен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарын қорғауға бағытталды.

Мемлекеттік дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі мен үлесі, маңыздылығы өсе түсті.

Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдарының жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған сәттен басталды.

Прокуратураны реформалау мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымның, саяси және халықаралық құқықтық бағдардың қағидасына сай  жүзеге асыру мүмкін емес еді.

Осыған орай 1991 жылы 6 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының біріңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР-нің  Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

1992 жылы 17 қаңтарда  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы» заңы күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуын жоғарғы  қадағалауды жүзеге асыратын орган болып танылды. 

Одан әрі прокуратура 1995 жылдың 30 тамызда республикалық референдуммен қабылданған Конституция мен Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының  прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тапты.

Аудан прокуратурасының тарихына келетін болсақ, 1936 жылы Ырғыз ауданынан бөлініп Қарабұтақ аудандық прокуратурасы құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен Қарабұтақ, Бөгеткөл (Комсомол) аудандары біріктіріліп,  Әйтеке би ауданы, орталығы Комсомол селосы болып бекітілді.

Осы  1997 жылдан бері аудан прокуратурасы Әйтекеби ауданы прокуратурасы деп аталады.

1966 жылы Комсомол ауданының алғашқы прокуроры лауазымында Я.С.Патрикеев қызмет атқарған. Сонымен қатар, Әйтеке би ауданының прокуратурасында А.Қ.Нұрахашев 1978-1982 жылдары, В.Ф.Митрофанов 1982-1984 жылдары, В.И.Пересыпайло 1984-1988 жылдары, В.Н.Кистень 1988-1991 жылдары, С.Ж.Мамбетов 1991-1995 жылдары, Р.Қ.Жұмағұлов 1995-2000 жылдары, Д.Ж.Сатқұлов 2000-2004 жылдары, А.М.Нұрғалиев 2004-2006 жылдары, А.А.Айтбаев 2006-2010 жылдары, А.Ә.Әбілов 2010-2014 жылдары, Н.М.Калдығожин 2015-2018 жылдары аудан прокуроры ретінде қызмет атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Әйтеке би ауданының прокуроры – Усман Орынбасарұлы.

Бүгінгі таңда Прокуратура Конституцияның 83-бабына сай мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырып, мемлекет атынан қылмыстық қудалауды абыроймен жүзеге асыратын орган болып табылатынын атап өтуге болады.

Қазіргі таңда азаматтардың конституциялық құқықтарын және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

 

     Әйтеке би ауданының прокуратурасы