epnf.kz сайтынан 10-нан астам электрондық қызметтерді алуға болады

epnf.kz сайтынан 10-нан астам электрондық қызметтерді алуға болады

epnf.kz сайтынан 10-нан астам электрондық қызметтерді алуға болады.

«Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде сіз келесі қызметтерді ала аласыз:
🔸халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қызмет көрсетуге өтініш беру;
🔸қызмет көрсетуге кезекті брондау;
🔸жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені e-mail арқылы алу (Қор базасындағы қолданыстағы e-mail мекен-жайы болған жағдайда);
🔸төлемге құжаттарын алдын ала тексеру;
🔸Қорға өтініш жолдау;
🔸зейнетақы калькуляторын пайдалану;
🔸Қорға онлайн қоңырау шалу;
🔸кері қоңырауға тапсырыс беру.

Жеке кабинетте «Қызметтер» бөлімінде Қордың келесі онлайн қызметтерін алуға болады:
🔸үзінді көшірмені қалыптастыру;
🔸деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
🔸төлем / аударым өтінімінің мәртебесін тексеру;
🔸зейнетақы шартының «телнұсқасын» алу;
🔸жеке зейнетақы шоты бар екендігі туралы анықтама алу;
🔸зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру (1,2 топтағы мерзімсіз мүгедектіктің тағайындалуына байланысты, ЕЗЖ бойынша төлемдерді тағайындау);
🔸ақпараттандыру тәсілін «интернет арқылы» деп өзгерту;
🔸зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлікпен басқаруына аудару.

❗Кейбір қызметтер үшін ЭЦҚ қажет.