Салымшылардың Жеке кабинетке кіре алмауының негізгі себептері

Салымшылардың Жеке кабинетке кіре алмауының негізгі себептері

⁉ЖАУАП: Салымшылардың Жеке кабинетке кіре алмауының негізгі себептері:
✅ «Интернет арқылы/ЭЦҚ кілтін пайдалану арқылы» ақпараттандыру тәсілі таңдалмаған. Ақпараттандырудың осы тәсілін Жеке кабинетте ЭЦҚ көмегімен немесе ақпараттандыру тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісім жасау арқылы Қордың кез келген қызмет көрсету кеңсесіне жүгіну арқылы таңдауға болады;
✅ Телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайы өзекті емес және Қордың ақпараттық жүйесінде тіркелмеген. Жеке кабинетте ЭЦҚ көмегімен «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» мәзірі арқылы немесе Қордың жақын жердегі бөлімшесінде деректерді жаңартуға болады;
✅ Мобильді қосымшаның ескі нұсқасы орнатылған. Қосымшаны жаңартып, қайта кіруге кеңес береміз.