Жеке зейнетақы шотының/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бар болуы туралы анықтама алу

Жеке зейнетақы шотының/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бар болуы туралы анықтама алу

⁉ ЖАУАП: Жеке зейнетақы шотының/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бар болуы туралы анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады: ⠀

✅ БЖЗҚ сайтында (www.enpf.kz) Жеке кабинетке ЭЦҚ көмегімен немесе ЖСН мен парольді пайдалана отырып кіру. Жүйеге кіргеннен соң «Қызметтер» бөлімінде «ЖЗШ бар екені туралы анықтама» мәзірін таңдау;

✅ БЖЗҚ мобильді қосымшасында Жеке кабинетке кіріп, «ЖЗШ бар екені туралы анықтама» қосымша бетіне өту. Қосымшаны Google Play немесе App Store арқылы жүктеуге болады;

✅ БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерімен жеке хабарласу. Карантин кезінде келушілерге қызмет көрсету күндізгі қабылдау, алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылатынын ескертеміз. www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөліміндегі «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» баннерін тандап, алдын ала жазылуға болады.