ЖЗШ-ның жоқтығы туралы анықтаманы алу

ЖЗШ-ның жоқтығы туралы анықтаманы алу

ЖАУАП: Қайырлы күн, құрметті салымшы! ЖЗШ-ның жоқтығы туралы анықтаманы алу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңсесіне барып немесе Қордың enpf@enpf.kz электрондық поштасына жазбаша сұрау жіберуіңіз қажет.

Сұрау салуда толық деректерді көрсету қажет: толық аты-жөніңіз, туған күніңіз, тұрғылықты мекенжайыңыз, сонымен қатар, анықтаманың не үшін қажет болғанын көрсетіп, жеке басын куәландыратын құжаттың скан-көшірмесін қоса жіберу қажет. Сондай-ақ, басқа елдегі ағымдағы мекенжайды егжей-тегжейлі жазу керек.

Сұранымға тиісті жауап пошта байланысы арқылы тапсырыс хат ретінде жіберіледі және жеке қолыңызға тапсырылады.