ПРЕСС-РЕЛИЗ үш буынды модель

ПРЕСС-РЕЛИЗ  үш буынды модель

ПРЕСС-РЕЛИЗ

үш буынды модель

 

Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» - атты  2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін жəне жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керектігі, Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керектігі айтылып, тапсырмалар берілді.

Осы тапсырманың аясында, еуропалық мемлекеттердің үлгісі бойынша үш буынды жүйені енгізуге көшуді бастауды тапсырды.

Үш буынды модельде полиция, прокурор және сот өкілеттіктері нақты бөлінген. Біріншісі – қыл­мыс­тарды анықтаумен, ашумен және дәлелдер жинаумен айна­лы­сады. Қудалау органдары қыл­мыс пен кінәні дәлелдегеннен кейін істі прокурорға жібереді. Ол өз кезегінде, объективті түрде қарайды, дәлелдемелер базасын, баптың дұрыс қолданылғанын тексереді. Түпкілікті үкімді сот шы­ғарады.

Бұл азаматтардың құқық­та­рын сақтаудың өзіндік фильтрі және кепілдіктері.

Үш буынды модель бойынша аудан прокуратурасымен жалпы жаңа форматта, а.ж. өткен кезеңінде 24 тоқтатылған қылмыстық істің қаулылары бекітіліп, күдікті ретінде тану туралы 16 шешімге және күдіктінің іс әрекетін саралау бойынша 15 шешімге келісім берілген.

Өз кезегінде құқық бұ­зу­­­­шылықтардың дереу жолын кесу­­ді қамтамасыз етіп, жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді.

 

   Әйтеке би ауданының прокуратурасы