ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайды?

ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайды?

ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз "Делдалдардың" немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады: - заңды және қаржылық мәмілелер жасау; - сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу; - сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады. Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және "ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының" жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз. Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Youtube-арнасында ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар бар.