
Бірнеше жылдан бері қазақстандықтар Ғашықтар күнін атап өтеді. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат оқиғасы осы мерекенің символына айналды. Бұл күні біз ғашық жұптарға қарым-қатынастарын ресми түрде бекіту жолын айтып бергіміз келеді. Ол үшін: eGov.kz порталына кіресіз > "отбасы" бөлімін ашасыз > "отбасы жағдайы" > "некені тіркеуге электрондық өтініш беру" > "Онлайн қызметке тапсырыс беру" > өтінімді толтырасыз > мемлекеттік баж алымын төлейсіз (1 АЕК - 2917 тг) > екінші тараптың некені растауын күтесіз. 1 жұмыс күні ішінде сізге өтінімнің мәртебесі туралы жауап келеді. P. S. суретте Азаматтарға арналған үкімет қабырғасында табысқан біздің қызметкерлеріміз - Ақнұр мен Қуаныш.