"Мобилді азаматтар базасы" (МАБ) дегеніміз не?

"Мобилді азаматтар базасы" (МАБ) дегеніміз не?

"Мобилді азаматтар базасы" (МАБ) дегеніміз не?

МАБ - барлық қызметтерді eGov.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы және телеграм-боттан бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік беретін клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасы.

МАБ-қа тіркелудің бірнеше жолы бар:

1) eGov.kz порталы арқылы

ЭЦҚ-сыз: eGov.kz-ке кіріңіз ➡️ төменгі оң жақ бұрышта "виртуалды ассистентке" басыңыз ➡️ "қоңырауларды" таңдаңыз ➡️ "ХҚО" таңдаңыз ➡️ "бейнеқоңырауға" басыңыз ➡️ виртуалды ассистентпен қосылғаннан кейін "жеке куәліктерді" көрсетіңіз ➡️ телефон нөміріңізді жазыңыз ➡️ ассистент жіберген растау кодын айтыңыз ➡️ дайын!

ЭЦҚ-мен: eGov.kz-ті ашыңыз ➡️ "жеке кабинетке" кіріңіз ➡️ "телефон" бағанында телефон нөмірін енгізіңіз ➡️ ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз.

2) eGov mobile қосымшасы арқылы

EGov mobile-да авторланыңыз ➡️ "Жеке кабинетке" кіріңіз ➡️ "Телефон" бағанында телефон нөмірін көрсетіңіз ➡️ растау кодын енгізіңіз.

Қош келдіңіздер!