Ақтөбе қаласының ХҚО-лары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді

Ақтөбе қаласының ХҚО-лары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді

Ақтөбе қаласының ХҚО-лары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді

 

31 наурыздан бастап бас санитар дәрігерлердің жаңа қаулысы күшіне енеді, осыған байланысты Ақтөбе қаласының ХҚО-лары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді.

​Аталған шараға түсіністікпен қарауыңызды және шұғыл қажеттіліксіз ХҚО-ға бармауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болатынын еске саламыз!

Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет.

Біз дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейміз.

Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!