Аудан орталығы Темірбек Жүргенов ауылында жеке кәсіпкер Шынтас Қайратұлы техникалық қызмет көрсету орталығын ашып, жергілікті жұртшылыққа қызмет көрсете бастады. Салтанатты ашылу шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов арнайы қатысты.
Жоба жеке қаражат есебінен іске асты. Қазіргі таңда заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 1 көлік жуу, 1 техникалық көмек көрсету боксы бар. Алдағы уақытта автобөлшектер дүкені, асхана және дөңгелек жөндеу қызметтерін көрсететін орталық салу жоспарда бар Қазіргі уақытта 5 жаңа жұмыс орыны ашылды.