Мәдени шаралар старты бастау алды

Мәдени шаралар старты бастау алды

Еліміздің бақытына айналған тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойының бастау алуына орай Әйтеке би ауданында старт алу шарасы өтті. Мәдени шара алдымен кітап көрмесімен және музей көрмелерін тамашалаудан басталды. Мәдени шарада аудан әкімі Д.Жанысханұлы аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық айтулы белесімен, мерейлі тойымен құттықтап, алдағы аудан көлемінде атқарылатын істерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Тәуелсіздік белестері» атты альбом эстафетасын Т.Жүргенов ауылының әкімі Р.Смағұлқызына табыстады. Альбом жыл бойына ауылдық округтерді аралап, ішіне тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған істердің мәліметтері жазылып, суреттері орналастырылатын болады. Альбом жыл соңында аудандық музейге тапсырылады. Аталған шараға Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Ортановнамен аналар кеңесінің мүшелері қатысып, өз өнерлерін көрсетіп үлестерін қосты. Жиын соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.