Жолаушыларға көмек көрсетілді

Жолаушыларға көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың ақпан айының 24-күні күн райының бұзылуына байланысты Қарабұтақ-Қостанай тас жолы жабылған болатын. Аудан әкімдігімен жолаушыларға жылыту пункіті ұйымдастырылды. Сондай-ақ кафе, кэмпингтерде тұрған автокөлік жүргізушілеріне жергілікті әкімдіктер, полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Т.Жүргенов ауылында «Әйтеке би» кэмпингінде 24.02. түнде барлығы 146 техника тұрды.
24.02.2021 жылы 11-сағат 14 минутта Әйтеке би ауданы Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 223 шақырымында «РЕНО» маркалы жүк автокөлігі бұзылып қалғанығы жөнінде ақпарат түсті. Шақырту орнына Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметі» ММ №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік
(ТРЭКОЛ) жіберілді. Нәтиесінде ішінде қалған Түркия Республикасының екі азаматы Әйке ауылындағы «Әйке» кэмпингіне жеткізіліп жылы тамақпен, жату орнымен қамтамасыз етілді.
Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылында Көп салалы колледждің жатаханасында жылыту пукітіне Қостанай қаласына бара жатқан 4 жеңіл автокөліктің 8-жолаушысы орналастырылды.