Қазіргі таңда аудан аумағында полиция органдарының 27 ардагерлері тұрып жатыр.
Әйтеке би ауданы ПБ жеке құрамы арасында кәсіби-адамгершілік тәрбиесін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухқа, азаматтылыққа, Антқа адалдықта, тәртіпке тәрбиелеу, тәртіп пен заңдылықты күшейту, жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына көмек көрсету мақсатында Бисембай Ахметұлы Қазмұхамбетовтың төрағалығымен Әйтеке би ауданы ПБ жанындағы Ардагерлер кеңесі ұдайы іс-шаралар өткізуде.
Жас мамандарды тәрбиелеуде және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқаруда полиция органдары ардагерлерінің полиция бөліміне көрсетіп жатқан көмегі зор.
Ағымдағы жылы полиция қатарында 26 жыл қызмет атқарған Толтаев Құрманғазы Жанділдәұлы зейнетке шықты. К.Толтаев полиция қатарында 1995-2021 жылдары аралығында қызмет еткен. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде үлесін қосып, қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Әйтеке би ауданының Әкімімен, облыстық Полиция департаментінің және аудандық полиция бөлімінің басшылығымен бірнеше рет марапатталған.
Аттестатталған қызметкерлермен қоса полиция бөлімінде ерікті жалдамалы қызметшілер мен жұмысшылар полиция қызметкерлерімен қатар жұмыс жасап, міндеттерін жоғары деңгейде атқаруда. Олардың бірі Қартпанбетова Күнжан Сәділқызы зейнет жасына жетуіне байланысты құрметті демалысқа шықты.
2021 жылғы 16 ақпанда Әйтеке би ауданы ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қазмұхамбетов К.Толтаев пен К.Картпанбетованы зейнеткерлікке шығарып салды.
Сонымен қатар Б.Қазмұхамбетов, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «полиция подполковнигі» арнаулы атағы берілген ПБ бастығының орынбасары Қанат Зинабдинұлы Жанаевқа погондарын табыстап, құттықтау сөздерін айтты.
Әйтеке би ауданы ПБ Ардагерлер кеңесі және ұжымы К.Толтаевты және К.Қартпанбетованы құрметті зейнеткерлікке шығуымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбастарында береке тілейді.