Қайырымдылық жасалды

Қайырымдылық  жасалды
Бүгін қасиетті жұма күніне орай аудандық орталық мешітінде Қайырымдылық жасалды. Жалпы қайырымдылық Республикалық «Зекет» қорының ұйымдастыруымен "Тайқазан" жобасы аясында өтті.
Бұл жолғы шараға мешіттің бас имамы Ғабидолла Тілесұлымен бірге аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Нажмадинов қатысты. Осылайша 20 отбасыға азық-түлік таратылды.
Мұндай игі іске әрдайым қолдау көрсетіп, үлес қосып жүрген қайырымды жандарға алғыс білдіреміз.