Нақты ұсыныстар назарда тұр

Нақты ұсыныстар назарда тұр
Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары ауыл әкімі Б. Қарабалаев пен аудан әкімі Д. Ермағанбетовтың 2020 жылғы жасалған жұмыстар мен 2021 жылға алдағы тұрған міндеттер туралы есепті жиынына қатысып, баяндмсаларын тыңдады.
Өткен жыл жаман болмады. Ауылда ауыз су құбыры іркіліссіз жұмыс жасап тұр. Көгілдір отынға қолы жеткен тұрғындар көмір тасымалы бейнетінен құтылды. Ауданмен арадағы жол қатынасы да жақсы жолға қойылды.
Есептік баяндамаларды тыңдаған жамбылдықтар сауал қоюға асықпады. Аудан басшысы өз баяндамасында ауызсу желісі жұмысын жақсарта түсу мақсатында құбырларды жаңарту мақсатында қаржы қарастырылып отырғанын, ұялы байланыс жүйесі жылдамдығын арттыру мақсатында мұнара қондырылатынына тоқталып, тұрғындар ұсынысының қашан да назарда тұратынын еске салып өтті. Ауыл тұрғындары атынан өз ойын білдірген С. Нажимов алғысын айтып, жаңа жылда жақсы жұмыстар жүзеге асуына тілегін жеткізді.
Аудан әкіміне жеке сауалымен келген тұрғындар сауалы негізінен жеке кәсіп ашу орайында болды.
Аудан жетекшісі әрбір өтініш қарастырылып, мүмкіндігінше қолдау жасалатынын айтты.