Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді. Ауданымыздағы 30 сайлау учаскесінің барлығы науқанға талапқа сай дайындалып, маңызды шараны өте жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық саяси науқанға жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда.