Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі ММ басшысының бұйрығымен Қисықов Бақтыбай Кеңесұлы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды. Қисықов Бақтыбай Кеңесұлы 1987 жылы мамыр айының 30 жұлдызында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол аулында дүниеге келген.
Білімі жоғары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Кәсіби – шығармашылық факультеті Дене шынықтыру және спорт мамандығы.
2002 жылдан бастап облыс құрама командасы, ал 2005 жылдан бастап Қазақстан құрама командасының мүшесі.
Спорттық жетістіктері: бірнеше дүркін ҚР және Халықаралық турнирлер жеңімпазы, 2006, 2007, 2010 ж.ж. Азия чемпионы, 2008 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері, 2008, 2010 ж.ж. Әлем чемпионаттарының жеңімпазы, 2009 жылғы Әлем кубогының иегері.