Құрметті аудан тұрғындары!
Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті мереке – бір-бірімізге, туған-туысқандарымызға бақыт пен амандық тілейтін Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Жаңа жыл – жаңа үміттер, ең ардақты армандар мерекесі, және де өткенге көз салып, өтер жылды қорытындылайтын уақыт.
Биылғы жыл біздің аудан үшін табысты оқиғаларға толы болды. Ауданымыздың диханшылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Ауданда бірқатар жаңа нысандар ашылып, әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, экономикамыздың тұрақты өсу қарқыны сақталды.
Біз келешекте де әрбір аудан тұрғынының жұмыста, оқуда, шығармашылықта, қоғамдық өмірде өз мүмкіншілігін жүзеге асыруға барлық жағдай жасаймыз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер үшін ол құтты және берекелі болып, шаңырақтарыңызға мол қуаныш, сәттілік әкелсін! Жоспарларыңыз орындалып, болашаққа сенімдеріңіз нығайсын!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметпен,
Әйтеке би ауданының әкімі
Д. Ермағанбетов