https://www.instagram.com/reel/DdirAhTCTU9/?stkn=MWNjdnl5N3phNjVtdw==
Туған жердің көркеюі – елге деген жанашырлықтан басталады. Ақкөл ауылын абаттандыру, көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, биыл ауылға 11 түрлі ағаш көшеттері егілді.
Оның ішінде екі жылдық көшеттерден 50 түп арнайы әкелініп, ауыл аумағына отырғызылды. Жалпы алғанда, биыл Ақкөлдің көркіне көрік қосатын 6 000–8 000 түпке жуық түрлі ағаш пен бұта көшеттерін отырғызу жоспарланып, бірқатары егілді.
Көшеттердің қатарында катальпа, гледичия, айлант, туя, арша, ширатылған тал, сыр талы, канадалық үйеңкі, татар үйеңкісі, көктерек, тау шетені секілді табиғатқа сән беретін ағаш түрлері бар.
Бұл – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің қамы. Бүгін егілген әрбір тал – ертеңгі көлеңке, ауылдың ажарын ашар жасыл желек, кейінгі ұрпаққа қалдырар игі мұра.
Ақкөлдің жасыл желегі жайқалып, көркейе берсін!