«Таза Қазақстан» – таза ортаға бастайтын игі бастама

«Таза Қазақстан» – таза ортаға бастайтын игі бастама

https://www.instagram.com/reel/Ddd-QxmCVQF/?stkn=bnoxdTQzNjRjenY3

Бүгін аудан орталығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі шараға аудан әкімі Д.Тоғызбаев арнайы қатысып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты. Акция барысында аудан орталығындағы Назерке дүкені маңындағы Жастар аллеясы аумағына көшеттер отырғызылды.

Жалпы аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік барлық округтерде өткізіліп, кең қолдау тапты. Сенбілікке еңбек ардагерлері, мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері ерікті белсенділер қатысты. Бір мақсатқа жұмылған қатысушылар қоғамдық демалыс аумағын көркейтіп, туған өлкенің тазалығы мен табиғи ортасын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Табиғатты аялау – баршаға ортақ міндет. Бүгін егілген әрбір көшет – ауданның ажарын арттырып қана қоймай, келешек ұрпаққа қалдырар жасыл мұрамыз.

Таза орта – ортақ жауапкершілік. Көркейген аудан – баршамыздың еңбегіміздің жемісі!