2026 жылғы қыркүйектің 15 күні сағат 11:00-де «БЖЗҚ» АҚ офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов ауылы, Т. Жүргенов көшесі, 67-ғимарат — «Целинник» мәдениет үйі.
Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы».
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы жинақтарының бүкіл көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі туралы айтып, осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын БЖЗҚ-ның инвестициялық порталы — invest.enpf.kz туралы түсіндіреді.
Негізгі күн тәртібінен бөлек, іс-шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күніне» шақырады!