Әйтекебиліктер Құрылтай сайлауына белсене қатысуда

Әйтекебиліктер Құрылтай сайлауына белсене қатысуда

https://www.instagram.com/reel/DcYnkD4iuxY/?igsi=Y2gxN2VibjR2NXIy

Бүгінгі таңда аудан бойынша 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Учаскелер таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін сайлаушыларды қабылдайды. Ауданда жалпы саны 12414 сайлаушы тіркелген.

Құрылтай сайлауы – халықтың өз пікірін білдіріп, ел мен өңірдің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қатысуына мүмкіндік беретін маңызды науқан. Әрбір дауыс – азаматтың азаматтық ұстанымы мен ел ертеңіне деген жауапкершілігінің белгісі.

Айта кетейік, сайлау қарсаңында ауданның барлық ауылдық сайлау учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, дәстүрлі тағамдар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл іс-шаралар ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, тұрғындардың мерекелік көңіл күйін көтеруге бағытталды.

Дауыс беру үдерісінің ашық, әділ әрі заң талаптарына сәйкес өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта аудан тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.