Тұмабұлақ ауылының тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда

Тұмабұлақ ауылының тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда

https://www.instagram.com/reel/DcYf4B7CaFj/?igsi=djh3aHdhd2kyN2Jv

Бүгін ел көлемінде өтіп жатқан Құрылтай партиясы мен депутаттарын сайлауға Тұмабұлақ ауылының тұрғындары да бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасауда.

Солардың бірі — Тұмабұлақ ауылының тұрғыны Айтмағанбетов Батырбаевич. Ол бүгінгі маңызды саяси науқанға қатысып, өз дауысын бергенін айтты.

Бүгінгі ел болып өтіп жатқан Құрылтайдың партия және депутаттар сайлауына өз үлесімді қосып, дауысымды бердім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Атқарылып жатқан барлық жұмыстарға ризамыз. Ту шалғайдағы ауылымызға биыл көгілдір газ келіп жатыр, жолымызға күрделі жөндеу жүргізілуде. Осы игі істердің барлығы үшін Президентімізге және ел басшылығына алғысымды білдіремін — деді ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ерекова Асылгүл Асылхановна да бүгінгі сайлаудың өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтті.
Биылғы сайлау жаңалыққа толы жылмен тұспа-тұс келіп отыр. Ауылымызға көгілдір газ тартылып, жолымыз жөнделуде. Халық бұл сайлауға ерекше белсенділікпен қатысуда. Мен де өз таңдауымды жасадым — деді ол.

ЪЕл тағдырына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіріп жатқан ауыл тұрғындарының белсенділігі — ортақ болашаққа деген сенімнің көрінісі.