Бүгін — Абай әлеміне үңіліп, ұлы ойшыл мұрасын дәріптейтін күн.

Бүгін — Абай әлеміне үңіліп, ұлы ойшыл мұрасын дәріптейтін күн.

Бүгін — Абай әлеміне үңіліп, ұлы ойшыл мұрасын дәріптейтін күн.

Бүгін – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай – қазақтың рухани әлемін биіктеткен, ұлт санасына өшпес із қалдырған ұлы тұлға. Оның шығармалары халықты білім мен ғылымға, еңбекке, адамгершілік пен адалдыққа үндеп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз ықпал етті.

Абайдың терең ойлары мен тағылымы бүгін де өз маңызын жойған жоқ. Ұлы ақын мұрасын танып-білу, оның өнегесін жас ұрпақтың бойына сіңіру бағытындағы жұмыстар Әйтеке би ауданында да жүйелі түрде жүргізілуде.
Аудандағы Абай атындағы мектепте, сондай-ақ білім беру ұйымдарында ақын шығармашылығын терең зерделеуге бағытталған Абай оқулары, әдеби-танымдық кездесулер, көркемсөз оқу байқаулары мен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы. Оның сөзі – ұрпаққа аманат, тағылымы – елге бағдар.
Абайдың асыл мұрасы ұрпақ санасында мәңгі жаңғыра берсін!