ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – елдің келешегін айқындайтын, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал ететін маңызды саланың бірі.

Бүгінде Әйтеке би ауданында ел игілігіне бағытталған көптеген құрылыс, жөндеу, абаттандыру және инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылып, жаңа нысандар бой көтеруде.

Бұл – құрылысшылар мен сала мамандарының кәсіби білімі, маңдай тері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Әрбір салынған нысан – ауданымыздың өркендеуіне қосылған нақты үлес, ел ертеңіне қаланған берік негіз.
Осынау жауапты да абыройлы еңбекте жүрген барша құрылыс саласының мамандарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілеймін!

Қолға алған әр жобаларыңыз сәтті жүзеге асып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Ауданымыздың ажары артып, ел игілігіне арналған жаңа нысандар көбейе берсін!
Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев