https://www.instagram.com/reel/DbwKTE7xeHT/?igsh=NG0ydjFwcHYwNnZk
Әйтеке би ауданында төтенше жағдайларға ден қою жүйесінің әзірлігін арттыру мақсатында кешенді оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығу барысында аудан активімен кеңес өткізіліп, теориялық сабақтар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Қатар-101», «Пана-202», «Жер-205», «Өрт-616» және «Жиналу-300» дабылдары бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды.
Жаттығу аясында шұғыл ден қою жасағының дайындығы, жеке құрамның іс-қимылы, жедел тұрғызылатын қорғаныс құрылыстарын жабдықтау, жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер, сондай-ақ Әйтеке би көпсалалы колледжіндегі шартты өртті жою және адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Күн қорытындысында селолық округ әкімдері мен азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларының есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Анықталған кемшіліктер талқыланып, келесі кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдар мен қызметтердің үйлесімді іс-қимылын жетілдіруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.