Газ қолдану кезінде абай болайық

Газ қолдану кезінде абай болайық

Қазіргі уақытта табиғи және тасымалданған газды тұрмыста кеңінен қолданамыз. Оны пайдалану барысында өте сақтықты қажет ететіндігін естен шығармауымыз қажет.

Газ тасымалдаушы мекемелерден газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулығымен танысып алған жөн. Газды қосу және қолдану кезіндегі газ құрылғыларының және түтін шығару жолдарының жай-күйін тексеріңіз. Газды қолданып болғаннан кейін газ қондырғыларының (баллон) шүмектері толық жабылуына көз жеткізіңіз. Балаларға газдың өте қауіпті жарылғыш, түссіз улы зат екенін айтып ескертіңіз. Газ аспаптары мен қондырғылары жұмыс жасамаған жағдайда, арнайы маманның көмегіне жүгініңіз. Жертөле және жер асты қоймаларына түсер алдында, жарық қосар кезде немесе от тұтатар бұрын газдың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Газ баллондарын мейлі ол толық немесе бос болсын ашық күннің астына қалдыруға болмайтынын естен шығармаңыз. Газ плитасы мен баллоны орналасқан бөлмеде форточка немесе желдетілетін тесік орнату міндетті. Асханада газ плитасы терезе жапқыштардан, жанғыш материалдардан және электр қосқыштарынан алшақ жерге орнатылуы тиіс. Газ плитасы мен баллонын жертөле бөлмесіне орналастыруға тыйым салынады.

Жеке баллонды қондырғыларды бірінші қабаттың жарық түсетін терезе ойығынан кемінде 0,5 метр және есік ойығынан 1,0 метр, іргелік және жертөле қабаттардың есік және терезе ойықтарынан, сондай-ақ кәріздік құдықтардан кемінде 3,0 метр арақашықтықта орнатқан дұрыс.

Газды баллондар үй-жайларда, сол сияқты ашық ауада сақталады, соңғы жағдайда, олар атмосфералық жауын-шашыннан және күн сәулесінен қорғалады.

Үй-жайларға орнатылатын газды баллондар жылу радиаторларынан және басқа да жылу аспаптары мен пештерден кемінде 1 метр және ашық отты жылу көздерінен кемінде 5 метр арақашықтықта болады. Газды плиталардан (іш жағынан салынғаннан басқа) сұйытылған мұнай газымен баллонын жылу аспаптарынан кемінде 0,5 метр және 1 метр арақашықтықта орнату керек.

Сұйытылған мұнай газымен баллондарын:

1) тұрғын үй бөлмелері мен дәліздерде;

2) іргелік және жертөле үй-жайлар мен шатырларда;

3) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының асханалық және сауда залдарының, аудиториялар мен оқу сыныптарының, ғимараттардың көрермен (акт) залдарының, аурухана палаталарының, басқа да осыған ұқсас үй-жайлардың астында және үстінде орналасқан үй-жайларда;

4) табиғи жарықсыз үй-жайларда;

5) авариялық шығатын жерлерде;

6) ғимараттың басты қасбеттері жағынан орнатуға жол берілмейді.

Мына:

1) белгіленген куәландыру мерзімі өтіп кеткен;

2) кеуекті салмағын тексеру мерзімі өтіп кеткен;

3) баллон корпусы зақымдалған;

4) вентильдері жарамсыз;

5) тиесілі бояуы немесе жазуы жоқ;

6) атмосфераның кемінде 0,5 газ қалдық қысымы жоқ;

7) белгіленген таңбасы болмағанда баллондарға газ толтыруға жол берілмейді.

Газбен толтырылған баллондарды тазартуға және бояуға, олардың қылталарында сақиналарды нығайтуға жол берілмейді.

Сұйытылған газ құйылған баллондар күннен немесе өзге де жылудың әсерінен қорғалады. Сұйытылған газ құйылған баллондарды ашық алаңдарда және тұрғын үйлердің, ауылдық жерлердің елді мекендерінде, азаматтардың бақ, бақша мен саяжайлар коммерциялық емес бірлестіктерде, өндірістік емес мақсаттағы қоғамдық ғимараттардың аумақтарындағы аулаларда қалдыруға рұқсат етілмейді. Сұйытылған газ құйылған баллондарды жертөле үй-жайларында сақтауға тыйым салынады. Ғимараттардан тыс арнайы шкафтарда немесе қосалқы үй-жайларда артық, толтырылған және босаған баллондарды сақтауға жол беріледі.

Пәтер ішінде газ иісі пайда болған жағдайда дереу газ құралдарын пайдалануды тоқтатып, газ шүмектерін жабыңыз, бөлмелерді желдетіп терезелерді ашыңыз. Иіс бар бөлмеде от жағуды тоқтату керек, жарық және электр құралдарын қосуға, телефонды пайдалануға болмайды. Газ иісі байқалған жағдайда газ қызметкерлерін шақырыңыз немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» номеріне қоңырау шалыңыз.

Әйтеке би ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі