Тұрғындарды қабылдау

Тұрғындарды қабылдау

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов 23-қараша күні азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Аудан орталығы мен ауылдарынан келген тұрғындар аудан басшысының қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Барлық қабылдауға келген жандардың өтініштерін мұқият тыңдаған Дархан Жанысханұлы олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынып, нақты жауаптар беріп, осы салаға жауапты қызметтердің басшыларына заң талаптарына сәйкес көмек көрсетіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруды жүктеді.