Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды.

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды.

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
- Бүгін мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияны қабылдаймыз. Осы маңызды құжат қазақ-түрік қатынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бойынша екі елдің де ниет-тілегі бір. Сондықтан әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.