
Аудан басшысы Дәулетияр Тоғызбаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйтеке би ауданы – татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен берекенің үлгісін көрсетіп отырған өңір.
Біздің ауданымызда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл – бірлігіміздің беріктігін, ынтымағымыздың шынайылығын айқындайтын үлкен құндылық.
Біз үшін әрбір мереке – тек қуаныш қана емес, халықтар арасындағы достықты нығайтатын маңызды көпір. Ауданымызда Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтсе, православ христиандарының Рождество, Пасха мерекелері мен Масленица да көпшілікпен бірге тойланып, ортақ рухани құндылыққа айналып келеді.
Осындай өзара құрмет пен түсіністік – біздің ең үлкен байлығымыз.
Бірлік – даму мен өркендеудің басты негізі. Ынтымақ бар жерде – тұрақтылық бар, ал тұрақтылық бар жерде – өсім мен болашаққа сенім бар.
Сондықтан ел ішіндегі ауызбіршілік пен келісімді сақтау – бәрімізге ортақ міндет.
Осы айтулы мереке күні әр шаңыраққа амандық, береке мен шаттық тілеймін!
Ауданымыздың мерейі артып, бірлігіміз бекем болсын!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!