Өңір басшысы Асхат Шахаровтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Өңір басшысы Асхат Шахаровтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Өңір басшысы Асхат Шахаровтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Ардақты ағайын!
 
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөз бар. Осы бір ауыз сөздің астарында тұтас елдің тағдыры жатыр. «Қонақ келсе – құт» деп, жатты жатсынбай, өзгені өзекке теппей, бауырына басқан халқымыздың дархан мінезі, кең пейілі бүгінгі бірлігіміздің алтын арқауына айналды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бірлік - Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз» деп үнемі айтып келеді. 

Еліміздің дамуына тың серпін беретін жаңа Конституциямыз қабылданып, күшіне енгелі отыр. Бұл – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайтатын, болашаққа деген сенімімізді бекемдейтін маңызды қадам.

Иә, кең даламызда сан түрлі мәдениет пен дәстүр тамыр жайып, бір-бірімен астасып, жарасым тауып келеді. Бұл – біздің ерекшелігіміз ғана емес, біздің артықшылығымыз. Әлемге үлгі боларлық татулық пен келісім – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі.

Бүгінде өңірімізде 90-нан астам этнос өкілі ақыл мен парасаттың, сыйластық пен сенімнің жемісінің арқасында бір үйдің баласындай, бір шаңырақтың астында тату-тәтті тірлік кешіп отыр, бір мақсат жолында еңбек етуде.
 
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Сондықтан біз үшін ең қымбат қазына – ауызбіршілік. Бірлігіміз бекем болса, алар асуымыз көп, бағындырар белесіміз биік.

Мереке құтты болсын, ағайын!

Әр үйге құт-береке қонып, күлкі мен шаттық үзілмесін. Ел аман, жұрт тыныш болсын!