ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?

ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?

ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?

Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қорға жарналардың келесі түрлері аударылады:
- ️міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – жұмыс беруші ай сайын қызметкер жалақысының 10%-ын;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - жұмыс беруші өз есебінен аударатын зиянды және қауіпті кәсіптегі қызметкерлерінің табыстарының 5%-ын;
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған барлық қызметкерлер үшін аударатын жарна (2024 жылы 1,5%, 2028 жылға қарай біртіндеп 5%-ға дейін өседі).
Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өздері үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат аударады. Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады, соның негізінде жұмыс беруші өтініш берген тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ өтінішсіз тәртіппен автоматты түрде ашылады:
- ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;
- БЖЗҚ-ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарна негізінде.