Таза орта—жарқын келешек

Таза орта—жарқын келешек

🌍Ауданның орталығы Темірбек Жүргенов ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында  ауқымды сенбілік өтті.

🔘Іс-шараға мекеме және бөлім қызметкерлері, сондай-ақ белсенді жастар қатысып, барлығы 567  адам жұмылдырылды.

📌Сенбілік жұмыстары үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
🔸Бірінші бағыт –Т.Жүргенов көшесінің басынан бастап полигонға дейінгі аралықты қамтыды. Бұл аумақта жол бойы тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.

🔸Екінші бағыт – Бірінші бөлімше аумағында ұйымдастырылды. Қатысушылар орман жолағындағы қоқыстарды қапшықтарға жинап, аумақты ретке келтірді.

🔸Үшінші бағыт – Орталық саябақта жүзеге асырылды. Саябақ іші тырмаланып, сыпырылып, барлық қоқыс толықтай жиналды.

🌳Сонымен қатар, трасса бойын көгалдандыру мақсатында 300 түп көшет отырғызылды.

📍Аталған шара қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін арттыруға және туған жерге жанашырлық танытуға бағытталды.

🌿Экологиялық акция аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.