ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



📚23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай аудан әкімі  Д.Тоғызбаев кітапхана қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді.

📌Кездесу барысында сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, кітапхана ісінің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, кітапхана жұмысын жандандыру, оқырман санын арттыру және заманауи қызмет түрлерін енгізу бағытында ұсыныстар айтылды.

🎤Аудан әкімі өз сөзінде кітапханашылардың рухани құндылықтарды дәріптеудегі, жас ұрпақты кітап оқуға баулудағы еңбегін ерекше атап өтіп, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және толағай жетістіктер тіледі.

📜Іс-шара аясында бірқатар кітапхана қызметкерлері марапатталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

📖 Бұл кездесу кітапхана саласының қоғамдағы маңызын айқындай түсіп, рухани даму жолындағы бірлескен жұмыстың жалғаса беретінін көрсетті.