
Құрметті кітапхана қызметкерлері және кітап сүйер қауым!
Сіздерді Кітап күнімен және кітапханашылардың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білім мен парасаттың, рухани байлықтың қайнар көзі. Ал сол қазынаны халыққа жеткізіп, жас ұрпақтың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып жүрген кітапханашылардың еңбегі әрдайым зор құрметке лайық.
Кітапхана қызметі мамандары оқырман мен кітап арасын жалғап, елдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып жүретіні белгілі.
Заман ағымына сай жаңарып, білім мен мәдениеттің шамшырағы болып отырған кітапханалардың қоғамдағы орны ерекше.
Кітапты насихаттап, жас буынды ізденіске, білімге, парасаттылыққа баулудағы табанды еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт пен толағай жетістіктер тілеймін!
Кітаптың мерейі үстем, кітапханашылар еңбегін көрсететін оқырман қатары көп болсын!
Құрметпен
Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев