Үйде отырып табиғи өнім шығарып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің оқиғасы көпке үлгі.

Үйде отырып табиғи өнім шығарып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің оқиғасы көпке үлгі.

Үйде отырып табиғи өнім шығарып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің оқиғасы көпке үлгі.
🔰Жұмабекова Гүлжанат 2023 жылы мемлекеттік грант ұтып алған ол, ешкі шаруашылығын бастап, ауылда еңбек етуге бел буды. Алғашқы қадам мал басын көбейтіп, табиғи өнім өндіруден басталды. Бір жылдан кейін кәсіп жаңа бағытқа бет бұрып, ешкі сүтін өңдеу ісі қолға алынды.
🐏2024 жылдан бастап кәсіпкер табиғи ешкі сүті қосылған, химиялық қоспасыз сабын жасауды үй жағдайында бастады. Табиғилыққа басымдық берілген бұл өнімдерге сұраныс қысқа уақыт ішінде арта түсті.
🔶Тұтынушылар таза әрі сапалы өнімді бағалап, сенім білдіре бастады.Қазіргі таңда кәсіп тек сабынмен шектелмейді. Шаруашылықта құрт, ірімшік, қымыз секілді ұлттық тағамдар да өндіріліп жатыр.
Барлық өнімнің басты ерекшелігі – табиғилық пен сапа.
☑️Кәсіпкердің негізгі мақсаты – ауылда отырып сапалы табиғи өнім өндірісін кеңейту, және ауылдың дамуына үлес қосу. Бұл – шағын бастамадан үлкен істің басталатынын дәлелдейтін жарқын мысал.