
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша жинақтарды қалай тексеруге болады
Егер бала кәмелет жасқа толмаса, ата-анасы немесе заңды өкілі баланың ЖСН-ін енгізіп, kids.enpf.kz сайтынан немесе eGov mobile және банк қосымшалары арқылы оның бағдарламаға қатысып жатқанын және жинақ сомасын тексере алады.
18 жасқа толғаннан кейін қатысушы өз жинағын өз бетінше тексере алады : жеке кабинет арқылы enpf.kz сайтында, БЖЗҚ қосымшасында немесе eGov mobile арқылы.
Жинақтарын пайдалану туралы шешім қабылдағаннан кейін, жастар АҚШ долларында банктік шот ашу және төлемге онлайн өтініш беру үшін уәкілетті оператор-банкқа жүгінуі керек. Өтінішті интернет-ресурс немесе уәкілетті оператор-банктің бірінің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады:
"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында);
"Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру ақысын төлеу мақсатында).
Егер қосымшада түсімдер көрінбей тұрса, құжаттарды жаңарту керек:
eGov Mobile қосымшасында:
«Цифрлық құжаттар» - «Отбасы» - «Құжаттар тізімін жаңарту» - «Ұлттық қордан түсімдер»
Банктердің мобильді қосымшаларында (мысалы, Kaspi.kz):
«Мемлекеттік қызметтер» - «Барлық құжаттар» - «Құжаттар тізімін жаңарту» - «Ұлттық қордан түсімдер»